Қайғылы өмір беттері

1 наурызда Қазақстан тұрғындары Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күні елге  жер аударылған көптеген халықтар төзімділік пен қонақжайлылық үшін қазақ халқына, және бір-біріне алғыс айта алады. Бұл дата кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені 1995 жылы 1 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Түрлі жылдар ішінде Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, Қиыр Шығыстан 100 мыңға жуық корей отбасылары жер аударылды.

1 наурыз күні агротехникалық колледжімізде Алғыс айту күнінде 1 курс студенттері үшін «Уақытқа саяхат» атты сыныптан тыс ашық іс-шара өтті. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қазақ халқына деген алғыс ұғымының мәнін ашуға тырысты, бейнероликтер – куәгерлердің естеліктері көрсетілді.

Қайғылы өмір беттері

Қайғылы өмір беттері

01.03.2022
Қаралым саны: 515
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет