Талапкер

План профориентационной работы

Қаңтар айынан бастап Агротехникалық колледж педагогтары Айыртау ауданы мектептеріне және Ғабит Мүсірепов ауданына кәсіби бағдар беру жұмыстарымен барды. Бүгінгі таңда мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығы айтарлықтай артып келеді. Мамандық таңдау мәселесі әрдайым жоғары сынып оқушыларының алдында тұр, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты өзекті болып отыр. Еңбек нарығының сұранысы, мамандықтың адамға және оның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптары сияқты факторларды ескере отырып жасалған кәсіби таңдау кәсіпті сәтті игерудің, еңбек қызметіне үйлесімді кірудің, бәсекеге қабілетті кәсіпқойды қалыптастырудың, сайып келгенде, оның отбасының әл – ауқатының маңызды шарты болатыны бәріне түсінікті.

Колледж әкімшілігі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға көмектескені үшін мектептердің педагог-кәсіптік бағдар берушілеріне алғыс білдіреді және аудан мектептерінің барлық түлектерін 14.02.2024ж. өтетін "Ашық есік күніне" шақырады.

 

2022-2023 оқу жылына қабылдау комиссиясын құру туралы

2022-2023 оқу жылына «Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» КММ-не оқуға қабылдау ережесі

«Айыртау ауданының Саумалкөл а.агротехникалық колледжі» КММ Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша 2022-2023 оқу жылына 9 сынып базасында келесі мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдау жариялайды:

шифр мамандық шифр біліктілік    
9 сынып. (орыс тілінде) 11 сынып(орыс тілінде)
07161600 Ауыл шаруашылығынмеханикаландыру 3W07161601 Слесарь-жөндеуші 25  
3W07161603 Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист  
10130300 Тамақтануды ұйымдастыру 3W10130301 Кондитер-дикоратор 25  
3W10130302 Аспазшы  
07150500 Дәнекерлеу ісі 3W07150501 Электргазбен дәнекерлеуші 25  
10150100 Туризм 3W10150102 Экскурсия жетекшісі 25  
08210200 Аңшылықтану және аң шаруашылығы 3W082510201 қорықшы   25
  барлығы     100 25

Мамандық: 07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

Біліктілік: 3W07161603 «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист».

Біліктілік: 3W07161601 « Слесарь — жөндеуші»

Қосымша «В,С» санатты жүргізуші» мамандығы беріледі.

Мамандық: 10130300 «Тамақтануды ұйымдастыру»

Біліктілік: 3W10130302 «Аспазшы»

Біліктілік: 3W10130301 «Кондитер-декоратор»

Мамандық: 07150500 «Дәнекерлеу ісі»

                           Біліктілік: 3W07150501 «Электргазбен дәнекерлеуші»

Мамандық: 10150100 «Туризм»

Біліктілік: 3Ц10150102 «Экскурсия жетекшісі»

Мамандық: 08210200 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»

Біліктілік: 3W082510201   «Қорықшы»

 


Колледждің барлық студенттері тегін түскі аспен қамтамасыз етіледі, студенттерге жылына екі рет ақылы жол жүрудегі жеңілдіктер бойынша өтемақы беріледі.

Өзге елді мекендерден келген студенттер үшін заман талабына сәйкес жабдықталған жатақхана тегін беріледі.

 

Колледжге оқуға түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • колледж директоры атына өтініш;
  • мектепті бітіру жөніндегі куәлік немесе аттестат(түпнұсқа);
  • туу туралы куәлік (көшірме), ЖСН немесе жеке тұлға куәлігі (көшірме);
  • белгіленген үлгідегі медициналық анықтама , медициналық флюорорсурет,
  • екпелер кітапшасы;
  • 3х4 фото сурет – 4 дана;

   Оқу жылы барысында келесі кәсіптер бойынша мамандар дайындау курстары өткізіледі.

  • Аспазшы
  • Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист
  • «В»,«ВС», «С», «Д», «ВЕ», «СЕ», «ДЕ», «С1Е», «ДЕ» санатты автомобиль жүргізушісі
  • Шаштараз
  • Электргазбен дәнекерлеуші

Курстық дайындық ақылы, оқу мерзімі 3 айдан 5 айға дейін, оқу сабақтары топтардың толығуына қарай басталады.

Колледждің ресми сайты: atksaumalkol.edu.kz

Электронды адрес: licey7.air@mail.rulicey7air@ramler.ru 

Біздің мекен-жайымыз: СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, СПТУ көшесі, 1 «б» үйі

Анықтама телефоны:8(715-33) 27-5- 94

№1 автобуспен «СПТУ» аялдамасына дейін

Мақаланы құрған күні 15.10.2019 15:50

Мақаланы жаңартқан күні 13.11.2024 10:15

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет