1 наурыз күні Агротехникалық колледжінде Алғыс айту күніне арналған «Қазақ еліне мың алғыс» атты мерекелік шара өтті. Алғыс айту күні – мейірімділіктің, рухани дәстүрлері мен ашық жандылық күні.
Бұл күн қазақстандық патриотизмнің, достықтың, мәдени әралуандықтың ұлы күніне айналды, өйткені 130-дан астам этностардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және олардың барлығы бірігіп Біріккен Ұлтымызға бірегей артықшылық береді.
Шара басында директордың оқу-өндіріс жұмыс жөніндегі орынбасары О.Оберемко құттықтау сөз сөйледі. Тағдырдың жазуымен Тәуелсіз Қазақстанның жерінде түрлі ұлт өкілдері тұрып жатыр. Осындай көп ұлтты қоғамның қалыптасуына көптеген алғышарттар болды: тың игеру, білім алу, еңбекпен қамту, отбасын құру және т.б. Дегенмен, тарихта еркінен тыс кейбір этностардың қазақтың қатал даласына жіберілгені туралы сұмдық беттері де бар. Алай-да, жергілікті қазақ халқының мейірімді жүрегінің арқасында мыңдаған адамдар аман қалып, отбасын құрып, Қазақстанды өз Отаным деп санай бастады.
Бұл іс-шараға «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Минеев И.В. қатысты. Ол шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақ халқына алғысын білдірді.
Колледж студенттері «Алғыс айту күні» мерекесіне белсене қатысып, әр топ түрлі ұлттар мен олардың тағамдарын қауым назарына ұсынды. Сахнада бірін-бірі алмастыратын түрлі-түсті ұлттық киімдер, хореографиялық миниатюралар ешкімді бей-жай қалдырмады. Балалар өз қойылымдарында көрерменге негізгі ойды – өзге ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптарын, ерекшеліктерін біліп, құрметтеуді жеткізуге тырысты, сонымен бірге бәріміз Қазақстанның азаматы екенімізді ұмытпауға шақырды.
Өткізілген іс-шараның мерекелік көңіл-күйі студенттердің жадында көпке дейін желбірейді. Балалар қай тілде сөйлеп, қай ұлттың өкілі болсақ та, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екенін бірауыздан атап өтті.
Қаралым саны: 264