Ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Әр апта «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сияқты белгілі бір тақырыптарға арналады, оның шеңберінде өз аумақтарын, аулаларын, сәулет-мәдени нысандарын, демалыс аймақтарын жинау, көшеттер отырғызу жүргізіледі.

Осыған байланысты осы акция аясында 11 сәуірде «Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ-де колледж аумағында және одан тыс жерлерде қоқыстарды жинау бойынша таза бейсенбілік өтті. Негізгі мақсат- қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

12.04.2024
Қаралым саны: 160
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет