Жұмысшы мамандықтар жылы. Қазақстандағы Еңбек күні

Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледждің түлегі, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алған Бойко Константин Александрович, кәсіпкерлік салада өзін-өзі жақсы көрсетті. Ол «Автолюкс» СТО-ын ашып, жаңа жұмыс орындарын құрды және колледж студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік жасады. Бүгінде мұнда жастар алғашқы кәсіби қадамдарын жасап, тәжірибелік дағдылар мен құнды білім алуда. Константин Александровичтің еңбекқорлығы мен табандылығы студенттерге лайықты үлгі болып, жұмысшы кәсіптер жеке және кәсіби өсудің кең мүмкіндіктерін ашатынын әрі туған өңірдің дамуына елеулі үлес қосатынын дәлелдейді. Осы мерекелі күні барша еңбеккерлерді, мамандарды және студенттерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбектеріңіз әрқашан бағаланып, қуаныш, құрмет және жаңа жетістіктер әкелсін! 

29.09.2025
Қаралым саны: 28
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділет