14 наурызда бүкіл Қазақстан көктемгі күн мен түннің теңелу күні қарсаңында «Көрісу күнін» атап өтеді. Бұл күні адамдар кездесуге қуанып, бір-біріне жақсы тілектер айтады, қол алысып, құшақ жаяды.Жаңа жылдың басы саналатын Наурыз мейрамына бір апта қалғанда жұрт жаңа киімдерін киіп шығып, бір-бірімен қол алысып амандасады, бір-біріне «Бір жасың құтты болсын» деп тілектерінайтады!Кездескенде немесе бір-біріне қонаққа барған адамдар туыстарының, достарының денсаулығын, хал-жағдайларын сұрайды, ескі реніштер мен өкпелерін кешіреді.Агротехникалық колледжде студенттерді қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі, Наурыз мейрамын тойлаудың ерекшеліктерімен таныстыру, патриоттық сезімді ояту, аға ұрпақты құрметтеу мақсатында «Сәлемдесу, танысу және қарым-қатынас мәдениеті» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қаралым саны: 280