Ашық есік күні – колледждің визит карточкасының бір болып табылады

22 ақпан күні «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ аудан мектептерінен келген болашақ талапкерлерге есігін айқара ашты. .

Тіркеуден өткеннен кейін мектеп оқушылары өз жетекшілерімен бірге колледждің ерікті студенттеріжәне оқытушыларының сүйемелдеуімен колледжге экскурсия жасады. Колледж бойынша экскурсия барысында қонақтарымыз бейресми жағдайда болашақ мамандықтары туралы сенімді ақпаратты алуға мүмкіндік алды. Салтанатты линейка колледждің спорт залында ұйымдастырылды. Мұнда болашақ талапкерлер колледжде дайындалатын мамандықтармен танысты. Мектеп оқушылары колледжге оқуға қабылдану және қабылдау ережелері туралы, шәкіртақылар туралы, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралысұрақтарға жауап алды.

Салтанатты линейкаға құрметті қонақтар ретінде Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Ж.М.Жүсіпов, Жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.М.Галимов, колледждің әлеуметтік серіктесі, «Әдемі Астық» ЖШС басқарушысы А.В.Городецкий, колледждің 1987 жылғы түлегі, қазіргі таңда Айыртау ауданы бойынша «Қазпошта» АҚ бас бухгалтері О.В.Рыжкова шақырылды.

Іс-шараға қатысушылар алдында колледж директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары О.Н.Оберемко, әлеуметтік серіктестер, бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында жоғары білім алуын жалғастырып жатқан колледж түлектері сөз сөйледі. Олар: Куспанов Радмир, Герасименко Константин, Титарев Виктор. Дегенмен, кезінде агротехникалық колледждің студенттері болып, ал қазір жоғары педагогикалық білім алып, туған жерлеріне оралып, колледжінде қуанышпен жұмыс жасап жүрген жас оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері: Наговицын Данил Дмитриевич, Құрманбаева Альбина Асылбекқызының сөздері балалар үшін әсерлі болды.

Мектеп оқушылары үшін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Туризм», «Тігін өндірісі» мамандықтары бойынша білім алатын колледж студенттері шеберлік сағаттарын дайындады. Мектеп оқушыларына макеттер мен жабдықтарда жұмыс істеуге мүмкіндігі берілді. Мамандық алаңдарын қадағалайтын өндірістік оқыту шеберлерімен онда жұмыс жасайтын студенттер қонақтардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға жиналған қонақтарға колледжбен визуалды түрде танысуға, басшылыққа және бүгінгі студенттерге сұрақтар қоюға, өзекті оқу бағдарламалары, оқуға қабылдау және оқу шарттары туралы ​​ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандығын таңдау туралы шешім қабылдау үшін оқу орнының атмосферасын сезінуге мүмкіндік берілді. Балалар кондитерлік өнімдер мен тәтті тағамдар пісіруге, дәнекерлеу жабдықтарымен жұмыс істеуге, экскурсиялар өткізуге тырысты және нұсқаушылардың сүйемелдеуімен оларға автодромда көліктер мен тракторларды жүргізуге мүмкіндік берілді.

«Ашық есік күні» мерекелік жағдайда өтіп, іс-шараны ұйымдастырушылар мен қонақтарға жақсы әсер қалдырды.

Құрметті талапкерлер, біз сіздерді жазда қабылдау комиссиясында күтеміз!

22.02.2023
Қаралым саны: 308
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет