14 сәуірде “ Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі” КММ 3-ші рет Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарының мектептерінен келген 130 болашақ талапкерлеріне есігін айқара ашты. Ашық есік күні-колледждің игі дәстүріне айналды.
Тіркеуден өткеннен кейін мектеп оқушылары өз жетекшілерімен бірге колледждің ерікті оқытушыларымен колледжге экскурсия жасады. Колледж бойынша экскурсия барысында қонақтарымыз бейресми жағдайда болашақ мамандықтары туралы сенімді ақпаратты алуға мүмкіндік алды. Салтанатты линейка колледждің спорт залында ұйымдастырылды. Мұнда болашақ талапкерлер колледжде дайындалатын мамандықтармен танысты. Мектеп оқушылары колледжге қабылдау ережелері туралы, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрақтарға жауап алды.
Ашық есік күніне құрметті қонақтар ретінде Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Жанапин Е. Ж, ардагер кеңесінің төрағасы Туралинов С.Ш, өндірістік кеңестің төрағасы және әлеуметтік серіктесі Құсайынова Б.М, педагогикалық еңбек ардагері Маковецкий В.М, колледждің 1987 жылғы түлегі, қазіргі таңда Айыртау ауданы бойынша “Қазпошта”АҚ бас бухгалтері Рыжкова О.В шақырылды.
Құрметті қонақтар талапкерлерге құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге мамандықтар әлемінде дұрыс таңдау жасауларына тілектестік білдірді.
Іс-шараға қатысушылар алдында колледж директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Оберемко О.Н, колледж түлегі Астапенков С сөз сөйледі.
Жиналғандардың барлығына колледжді көріп танысуға, басшылыққа, студенттерге сұрақтар қоюға, ағымдағы оқу бағдарламаларын, оқуға қабылдау және оқу шарттарын білуге, сонымен қатар болашақ мамандықты дұрыс таңдау үшін білім беру атмосферасын сезінуге мүмкіндік берілді. Балалар кондитерлік өнімдер мен десеттерді пісіруге, дәнекерлеу жабдықтарымен жұмыс істеуге тырысты, ал нұсқаушылардың сүйемелдеуімен оларға автокөліктер мен тракторларды жүргізуге мүмкіндік берілгенде, ұлдар мен қыздардың көздерінде қандай ұшқын болды десеңізші!
Ашық есік күні мерекелік жағдайда өтті және іс-шараны ұйымдастырушылар мен қонақтарға жақсы әсер қалдырды. Іс-шара туралы пікірлер айтылды. Балалар өздерінің алдында қиын міндет-мамандық таңдау тұрғанын атап өтті.
Қаралым саны: 264