14 ақпан күні Агротехникалық колледжде патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті, өткенге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Ауғанстан – біздің жадымыз бен қасіретіміз» атты іс-шара өтті. Бұл шараға интернационалист-жауынгерлер: Гичко Сергей Дмитриевич, Әбішев Абай Молдағалиұлы, Прохоров Валерий Васильевич және қорғаныс істер бөлімінің басшысы, майор Ерденов Мереке Ескендірұлы шақырылды.
1 курс студенттеріне арналған өжеттілік сабағын тарих пәнінің оқытушысы Сәуле Дүйсекқызы Қошқарбаева өткізді. Студенттер Ауғанстандағы соғыс қимылдарының басталуы, елге кеңес әскерлерінің енгізілуі, жергілікті халықтың тұрмысы, кеңес жауынгерлерінің соғысқан қиын климаттық жағдайлары, жауынгерлеріміздің ерлік істері, «душман» бандыларының үздіксіз шабуылы туралы тарихи ақпаратты тыңдады.Студенттер осы оқиғаларғақатысыты өлеңдер оқыды. Интернационалист-жауынгерлер Ауғанстандағы өздерінің әскери қызметі туралы айтып, балаларға тіркеу куәліктерін салтанатты жағдайда табыс етті.
Қаралым саны: 278