Бұл күн жойылып кету қаупі төнген тілдерді сақтау және дамыту, лингвистикалық әртүрлілік пен көптілді білім беруді ынталандыру, тілдік және мәдени дәстүрлер туралы білімді арттыру мақсатында бүкіл әлемде атап өтілеуде. Жер шарында 6000-ға жуық тіл бар, олардың жартысы жойылу алдында тұр. Көптеген тілдердің ресми «мәртебесі» жоқ – ол тілдерде жай ғана сөйлейді ...
«Ана тілі күні» аясында «Айыртау ауданының Саумалкөл ауылы агротехникалық колледжі» КММ-де 1 курс студенттерімен іс-шара өткізілді, онда колледж тіл мамандары Мартемьянова О.М., Каконова Г.Ә., Алпысбаева Б. Ж. студенттерге мереке күнін белгілеу туралы айтып, ЮНЕСКО ұйымы туралы бейнеролик көрсетті. Студенттер викториналық сұрақтарға жауап берді, мүмкін болатын лингвистикалық есептерді шешті, жұмбақтарды тапты, сөздік ойындар ойнады.
Балалар қай тілде сөйлесе де, Қазақстанның көпұлтты мемлекет, ортақ үйіміз екенін бірауыздан атап өтті. Тек бұл жөнінде ұмытпауымыз керек.
Қаралым саны: 280