Кәсіптік апталық өткізілді

Оқу жылы барысында 10-14 сәуір аралығында «Аспазшы» мамандығы бойынша кәсіптік апталық өткізілді. Педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында педагогтар ашық сабақтар, өндірістік оқыту сабақтарын, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Өндірістік оқыту шебері Г.Д.Помошникова өз жұмысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, сабақтың дәстүрлі емес формаларын, инновациялық технологияларды пайдаланады. Оның оқушысы Лопатина Надежда Петропавл қаласында өткізілген республикалық World SkillS кәсіби шеберлік байқауына қатысты. «Аспазшы» мамандығы бойынша кәсіптік апталық барысында Галина Дмитриевна «Приготовление блюд из тушеного мяса» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Алға қойылған әдістемелік мақсатқа қол жеткізілді — теория мен практиканың ұштасыунда дидактикалық принциптерді жүзеге асыру. Шебер сабаққа кіріспе жасау барысында ет тағамдарын дайындау маңыздылығы жөнінде проблемалық әдіс формасын пайдаланды. Содан соң, Галина Дмитриевна оқушылармен бірлесе пәнаралық курс сабақтарында оқытылған тақырып, етті жартылай фабрикат және олардан тағам әзірлеу тәсілдері мен түрлерін талқылады. Сабақтың негігі кезеңінде оқушылар үш бригадаға бөлініп өздігнен етті жартылай фабрикат және олардан тағам әзірлеу бойынша аспазшының еңбек әрекеттері алгоритімін атқарды, және сапасын бағалады. Сабақ соңында өндірістік оқыту шебері саралау және мақсатқа жету табыстылығын бағалау мақсатында сабаққа қорытынды жасады, бұқтырылған еттен әзірленген тағамды дұрыс дайындаған оқушыларды атап өтті.

Өндірістік оқыту шебері Т.В.Таранчук қойылған талаптарға сәйкес жұмыс жүргізеді, сабақ барысында оқушылармен жеке және топтық жұмыс жасау формасын пайдаланады. «Аспазшы» мамандығы бойынша кәсіптік апталық барысында Татьяна Викторовна «Приготовление блюд из кортофельной массы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта өткен материалды қайталау және бекітуге ерекше көңіл бөлінді. Сабақ барысында кеңесшілердің көмегімен кең көлемде қосымша материал пайдаланылды.

Өндірістік оқыту шебері Н.Ю.Демиденко аспаздық іс әдістемесін еркін меңгерген, оқушылар бойына өндірістік оқу және мамнадыққа қызығушылық танытуда оңтайлы мотивті қалыптастыра біледі. Шебер өндіріс сабақтарын өткізуге шығармашылықпен қарайды. Надежда Юрьевна және Галина Дмитриевна бірлесе, өз қыздарымен Лобаново және Саумалкөл колледждері арасында өткізілген кәсіби шеберлік байқауына қатысты. КДДБ өткізу барысында барлық оқушылар бастапқы деңгейден сәтті өтті және жақсы нәтижелер көрсетті, орташа балл – 78 %.

Оқытушы Ж.С.Даирова тауартану пәнінен ашық сабақ өткізді. Оқу процесін ұйымдастыру барысында заманауи курстар машықтығы, барлық оқушылардың іскерлік ритмге ену, топтың жұпта жұмыс жүргізу қаблеттері байқалды. Сабақ ынталандыру әдісіндегі кіріспеден басталды (эмоциялық және іскерлік икемділікті жасау, қажетті уәжді қамтамасыз ету үшін оқушыларды ынталандыру). Сабақтың теориялық деңгейі ұсынылған материалға сәйкес берілген. Материал өмір мен практикаға байланысты, және де айтарлықтай жоғары идеялық деңгейде ұсынылды. Сабақ барыснда оқушылар дәмдеуіштердің сұрыпталымы және пайдалы қасиеттері жөнінде айтты. Одан басқа, білім алушылар қызықты фактілер жөнінде хабарламалар жасады, кроссвордтар шешті, ұсынылған дәмдеуіштерге органолептикалық тәсілде сәйкестендіру жүргізді, сараптама карталарын толтырды.

Жанар Сейтқалиқызы өткізген ойын-сабақ белсенді түрде жүргізілді. Оқушыларға «Котлеты по-киевски» тағамын қандай еттен дайындайды?», «Бекіре балығының омыртқа шеміршегі қалай аталады?» және т.б. теориялық сұрақтар қойылды. Қажетті білікті қалыптастыратын өндіріс жағдайлары ойнатылды. География, химия, тарих пәндерімен пәндік байланыс байқалды. Іс-шара соңында тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешілді. Шараға топтың барлық оқушылары қатысты. Әдістемелік мақсатқа қол жеткізілді.

Өндірістік оқыту шебері В.Г.Иванский эстетикалық талғамды дамыту, оқу сабақтарында практикалық әдістерді жүзеге асыру әдістемелік мақсатында «Техника нарезки клубнеплодов и корнеплодов сложными формами с исползованием техники «Карвинг» тақырыбында ашық өндірістік оқыту сабағын өткізді. Василий Григорьевич «карвинг» техникасында көкөністерді күрделі түрде дұрыс турау жөнінде айтып өтті.

Қорытынды: Өндірістік оқыту шеберлері және оқытушылар ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізу барысында жоғары деңгейдегі кәсіптіліктерін көрсетті. Кәсіптік апталық барысында өткізілген іс-шаралар оқушылардың таңдаған мамандықтарына ынталарын арттырып, колледж педагогтарынан тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

10.04.2017
Қаралым саны: 770
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет