«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

Металдарды дәнекерлеу (пісіру) өнеркәсіп өндірісі және құрылыстағы басты технологиялық үрдістердің бірі болып табылады. Әлем бойынша өндірілетін болаттың 3/2 бөлігі дәнекерлеу конструкцияларын құру мен құрылыс салуда жұмсалады. Кез келген металл түрлі жағдайда дәнекерленеді, ол жұмыстар жерде, теңіз астында және ғарышта да орындалады. Дәнекерленетін металдың қалыңдығы бір микроннан ондаған, жүздеген сантиметрды құрайды, дәнекерленген конструкция салмағы бөлшектелген грамнан жүздеген немесе мыңдаған тоннаны құрауы мүмкін. Кей жағдайда дәнекерлеу (пісіру) оптималды формадағы дайындаманы алу немесе конструкциялық материалдың ажырамас жалғанысын сақтайтын жалғыз мүмкіндіктегі тиімді тәсіл болып табылады.

2015 жылғы 19-23 қаңтар аралығында біздің колледжде электргазбен дәнекерлеушілердің кәсіптік апталығы өткізілді.

19 қаңтарда арнаулы пәндер оқытушысы С.И. Белоног дәнекерлеу (пісіру) үрдісінің дамуы жөіндегі тарихқа шолу жасады, 2 курс оқушылары Бородин И., Сейдахметов С., Харчиков А. дәнекерлеудің (пісіру) негізгі тәсілдері жөнінде хабарлама жасады. Сондай-ақ, дәнекерлеуші топтары қабырға газеттерін шығарды.

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

20 қаңтарда арнаулы пәндер оқытушысы С.И. Белоног 2 курс оқушыларымен заманауи оқу құралдарын пайдалана отыра «Дәнекерлеу редукторлары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

20 қаңтарда үздік оқушылар арасында «Металдарды дәнекерлеу (пісіру) және кесу» сынды зияткерлік ойын өткізілді. Бұл ойын барысында Калинин Д., Верещагин Д., Недоростков С., Бородин И., Харчиков А. сынды оқушылар жақсы білімдерімен көзге түсті.

21 қаңтарда өндірістік оқыту шебері В.М. Маковецкий «Имекті көпқабатты балқыту және пісіру» тақырыбында 3 курс оқушыларының қатысуымен ашық сабақ өткізді.

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

22 қаңтарда өндірістік оқыту шебері В.А. Прохоров «Металл пластиналарын вертикалды (тік) жағдайда газбен дәнекерлеу. Түйісті жалғаныс» тақырыбында 2 курс оқушыларының қатысуымен ашық сабақ өткізді.

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

22-23 қаңтарда дәнекерлеушілер арасында «Мамандық бойынша үздік» конкурсы өткізілді.

Конкурс 3 айналымнан тұрды: 1 айналым — теориялық білім (тестілеу); 2 айналым — практикалық тапсырма; 3 айналым — дене дайындығы (ұзындыққа секіру, турникте тартылу). 2-ші және 3-ші курс оқушылары қатысты: Бородин И., Жорник А., Леонченко В., Калинин Д., Верещагин Д., Гришин Р.

«Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы

Тартымды да қызықты өткен сайыста жүлделі орындар былайша үлестірілді:

  • 1 орын — Калинин Дмитрий (3 курс);
  • 2 орын — Бородин Иван (2 курс);
  • 3 орын — Жорник Александр (2 курс);
  • 4 орын — Верещагин Денис (3 курс);
  • 5 орын — Леонченко Владимир (2 курс);
  • 6 орын — Гришин Руслан (3 курс).

23 қаңтарда конкурс бойынша нәтижелер қортындыланып жеңімпаздар марапатталды.

29.01.2015
Қаралым саны: 883
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет