Спорт — менің өмірім

Адам баласы өз жолын таңдамайды, тағдырдың жазғанымен жүреді, — деген сөз бар. Бәлкім солайда болар, дегенменен өз өмірің — өз қолыңда деуге де болады. Ұнатқан мамандықты таңдау — әр адамның жеке таңдауы. Мұғалім мамандығын таңдап, ұлағатты ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс екені анық.

Қазіргі таңда біздің колледжде қызмет жасап жүрген жас маман, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Алмас Серікұлы Бейсенов жөнінде сөз қозғағым келеді.

Алмас Серікұлы агротехникалық колледжде 2012 жылдан бастап жұмыс атқарауда, оның келуімен колледждің спорттық өмірі жандана бастау алды, — деуге болады.

Менің пікірімше, бұл педагогтің басты қасиеті — оның өмірге деген құштарлығы мен таусылмайтын күш-қуаты болып табылады. Бұл адам әр оқушыға құрмет көрсете отыра, оның ішкі дүниесін тани біледі, оған тән қасиеттерді таба отыра, өмірлік тәжірибені бойларына енгізіе біледі.

Міне, әр оқушының есінде қалатын мұғалімі осындай болады... Ұлағатты Ұстаз! Өз қажырлығы мен шабытының арқасында балаларды спортқа баули білген, өмірге қажетті біліктілік пен машықтықты бала бойына дарыта білген, балаларға денсалықты күту және бағалай білуді үйреткен мұғалім. «Ұстаздың ұлылығы — оның қалтырған ізінде» — демекші, ұстаздың еңбегі оның шәкіртерінің жеткен жетістіктерімен өлшенеді. Шәкіртті үйрете ғана қоймай, оны тәрбиелей білу әр мұғалімнің қолынан келе бермейтіні анық.

Алмас үшін, оның ұстазы және жаттықтырушы Виктор Георгиевич Винокуровты кездестіргені нағыз сәттілік болды. Виктор Георгиевич жас бүлдіршіннің мінезіндегі қайсарлық пен спорттық жетістіктерге деген жігерді бірден аңғара білді. Қазіргі таңда Алмас Серікұлы — жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының он жеті дүркін чемпионы, Орта Азия чемпионы.

Ол өз пәні бойынша тек білім бере қоймай, сонымен қатар ұлдармен бірге қыз балаларды да спортқа баули біледі. Олар өз кезегінде дене шынықтыру пәні соншалықты қызық және пайдалы екеніне таңданады!

Бірінші жылдан бастап Алмас Серікұлы жеңіл атлетика және волейбол секцияларын ашты, қажырлы еңбегінің нәтижесі көп күткізе қойған жоқ. Колледж студенттері түрлі деңгейдегі аудандық және облыстық додаларда жеңіс тұғырынан көріне бастады. 2014 жылы колледж командасы баскетболдан облыс чемпионы, колледждер арсаында өткізілген кросс жарысының күміс жүлдегері, баскетболдан «Ақ бидай» спорттық ойындарының жеңіпаздары атанды. Сонымен қатар Алмас Серікұлы ұлттық спортты дамытуға зор үлес қосуда — колледж командасы «тоғыз құмалақтан» облыстық жарыстар жеңімпазы атанды.

Оның еңбегі елеусіз қалған жоқ: аудан әкімінің алғыс хаты табысталды, «Спорт саласындағы үздік қызметкер» номнациясында аудан әкімі дипломымен, СҚО Білім басқармасының «Облыстық білім жүйесін дамуытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды. «Салауатты өмір салтын таңдаймыз» аудандық жастар форумының қатысушы болып табылады.

Сөз түбінде, біздің колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы өз жұмысына және өз оқушыларына толық берілген, өз еңбегінен ләззат ала білетін шебер манан, — деп айтуға болады. Бұндай ұстаздың алдында жүрген шәкірттің арманы жоқ, — деп айта аламын. Менің ойымша, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қазіргі заманда бала тәрбиесіне зор үлес қосатын нағыз «мықты» маман. Өйткені, бұл мамандық иелері қоғам алдында келер ұрпақтың салауатты болып өсуі үшін де жауапкершілікті арқалап келеді. Сол жауапкершілікті абыроймен атқару Отанға деген құрмет пен міндет көрсету, қызмет ету емес пе!?

Кез келген істі үйренуге болады, ал дарындылық үйренумен келмейді, өйткені дарындылық таңдаулылырға ғана қонатын ерекше бір қасиет.

Спорт — менің өмірім

Спорт — менің өмірім

Спорт — менің өмірім

Колледж әдіскері
Осадчая Л.В.

25.12.2014
Қаралым саны: 818
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет