Тіл — көне заманнан бері өз құдіретін жоғалпаған адамзаттың ең асыл мұрасы. Тілдің жойылуы — тұтас бір ұлттың жойылуы.
Колледжде 2014 жылғы 20-24 қазан аралығында «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында тілдер апталығы өткізілді. Мерекелік апталық оқушылардың тақырыптық тізбегінен басталды, одан соң оқушылар арсында қазақ және орыс тілін меңгеру, 1 курс оқушылары арасында қазақ және орыс халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті білу бойынша конкурстар өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған Г.Ә. Каконова және О.М. Мартемьянова.
20 қазанда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы О.М. Мартемьянова 1 курс оқушыларымен Михаил Лермонтовтың шығармашылығы бойынша «Неповторимый мир» әдеби альманах өткізді. Бұл шара барысында балалар ақынның өлеңдерін оқу және Лермонтовтың өлеңдеріне жазылған балладалар орындауда шеберлік танытты.
Келесі күні О.М. Мартемьянова «Твое письмо, в котором целый мир...» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақ барысында балалар өздері үшін СМС-хабарлама мен электронды хат жазысу барыснда белгілі бір қағиданы ұстану керек екендігін аша білді.
22 қазанда Г.Ә. Каконова «Мағжан – ақын» ашық іс-шарасын ұйымдастырды, 1 және 2 курс оқушылары М. Жұмабаев шығармашылығы бойынша өздерінің жоғары білімдерін көрсетіп, «Батыр Баян» романы бойынша сахналық қойылымды көрермен назарына ұсынды.
Күннің екінші жартысы кәсби қазақ тілі пәнінен «Менің мамандығым — электргазбен дәнекерлеуші» тақырыбындағы ашық сабақпен жалғасты. 2 курс оқушылары кәсіби терминдер мен олардың аудармасын жақсы білулерін, тілді жақсы меңгергендерін көрсете білді. Сабақ барысында педагог балалар оқып жатқан мамандық бойынша проблемалық жағдай жасады, бұл мәселені шешу үшін оқушылардан кәсіби терминдерді жақсы білуі және қазақ тілінде жұмыс жүргізуді қажет етті, дегенмен балалар бұл тапсырманы жоғары деңгейде орындай білді. Сабақта оқушылардың алатын мамандығы жөнінде фильм көрсетілді.
23 қазанда ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Т.Н. Никифорова «Kazakhstan is my Motherland» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Аспазшы» мамандығы бойынша білім алушы №23 топ оқушылары сабақ барысында ағылшын тілін жақсы меңгергендерін көрсетті, аударма жұмыстарын жасады.
Апталық қорытындысы бойынша оқушылар грамоталармен марапатталды.
Осымен, оқу күндерін түрлендіре отыра, қызықты оқиғаларға толы болған «Тілдер апталығы» аяқталды. Қатысушыларға оқуда табыс тілей отыра өз алғысымызды білдіреміз. Естеріңде болсын: «Ниеттену — мың мүмкіндік, ниеттенбеу — мың себеп».
Қаралым саны: 767