18 наурызда аудандық мәдениет үйінде Президент Қ.Қ. Тоқаев жариялаған Жұмысшы кәсіптері жылына арналған үлкен іс-шара өтті. Ұйымдастырушы — Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі.
«Ашық есік күні» Агротехникалық колледжде көп қонақтар жиналды: аудан мектептерінен 9 және 11 сыныптардың 485 оқушысы мен олардың ата-аналары, колледждің педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері, жергілікті билік өкілдері мен әлеуметтік әріптестер. Мерекенің құрметті қонақтары аудан әкімі М.Ж. Меңдібаев, Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Е. Нұрақаев, «Қызмет» мемлекеттік, банктік мекемесі және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Т.Т. Әбілмәжінов, Айыртау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С. Ш.Тұралинов, ҚР ІІМ № 51 ҚАЖК өкілі Естенғалиева А.М., Айыртау ауданы прокурорының орынбасары, АІІБ өкілдері, аудандық білім бөлімі басшысының м.а., аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, колледждің педагогикалық еңбек ардагерлері.
Іс-шара Агротехникалық колледж туралы барлық ақпарат жинақталған бейнебаян көрсетілімінен басталды, бейнефильм оқу орнында қандай мамандықтар бойынша дайындық жүргізіліп жатқанын, колледж студенттері кәсіби конкурстарда, спортта және қоғамдық өмірде қалай ерекшеленгенін көрсетті.
Іс-шараның жүргізушілері қатысушыларды зор ықыласпен қарсы алды. Олар өз сөзінде Жұмысшы мамандықтар жылы еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен оның әлеуметтік ілгерілеуіне ықпал етуде білікті мамандардың рөлін нығайтудағы стратегиялық қадам болғанын атап өтті. Бұл шешім Қазақстанның тұрақты өсуі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын мамандарды даярлаудың маңыздылығын айқындады.
Колледждің көпжылдық қызметі ішінде оның негізгі міндеті өңірдің және республиканың аграрлық секторы үшін ең қажетті мамандықтар бойынша мамандарды оқыту болып қала береді. Колледж механизаторларды, тракторшыларды, комбайншыларды, аспаздарды, дәнекерлеушілерді, қорықшыларды, тігіншілерді, экскурсия жүргізушілерін дайындайды. Ашылғаннан бері біздің оқу орны 20 мыңнан астам маманды дайындап шығарды, олардың арасында табысты әрі құрметті адамдар көп. Колледж жоғары білікті педагогтардың арқасында тек білім беріп қана қоймай, өз студенттеріне мәдениет пен еңбексүйгіштікті қатар қалыптастырып отырады.
Қатысушылардың алдында Айыртау ауданының әкімі М.Ж. Меңдібаев сөз сөйледі. "Соңғы жылдары колледж өз әлеуетін едәуір арттырып, оқу мүмкіндіктерін кеңейтіп, жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнатты. Болашақта колледждің беделі өсіп, студенттерді даярлайтын мамандықтар тізімі толығатынына сенімдімін. Колледждің барлық ұстаздары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ еңбек ардагерлеріне өздерінің адал еңбектері үшін алғыс айтамын. Студенттер мен мектеп түлектеріне айтарым сіздердің еңбек нарығындағы білімдеріңіз бен шеберліктеріңіз біздің қоғамда міндетті түрде сұранысқа ие болатынынына сенімдімін", - деп атап өтті Мейрам Жақсылықұлы.
Колледждің педагогикалық еңбек ардагерлерінің мамандарды дайындауға қосқан үлесі үшін аудан әкімі Ислям Темірғалиұлы Салпықовқа, Роза Қасқырбайқызы Салпықоваға, Василий Михайлович Маковецкийге, Любовь Викторовна Осадчаяға, Владимир Павлович Титаренкоға, Дмитрий Семенович Кургузкинге Құрмет грамоталарын табыс етті.
Айыртау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Шәріпұлы Тұралинов колледж педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлеріне ауданымыздың аграрлық секторына мамандар даярлау ісіндегі еңбектері үшін көптеген жылы лебіздерін білдірді. Студенттерді, мектеп түлектерін оқу мен спортта табысқа жетуге, залдағы әлеуметтік серіктестер - агроқұрылымдардың басшыларынан үлгі алуға және өмірден өз орнын табуға шақырды.
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Есімұлы Нұрақаев колледж бен әлеуметтік серіктестердің біріге істеген жұмыстары нағыз кәсіпқойларды қалыптастырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Серіктестер студенттерді оқыту мен тәрбиелеудегі жақын одақтастар болып табылады. Ерік Есімұлы жұмысшы мамандықтағы адамдарсыз ел экономикасын көтеру мүмкін еместігін; біздің Солтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық секторда жалақыны өсіру қажеттігіне назар аударды.
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы В.В. Бубенконың алғыс хатымен колледждің индустриялық кеңесінің төрағасы, «Баянтай» ЖШС директоры Сырымбет Қайрушұлы Есенғалиев, «Пересвет» ЖШС директоры Александр Владимирович Гладкий марапатталды. Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Е. Нұрақаевтың грамотасы «Людмила» ЖШС директоры Людмила Владимировна Климовичке, КБА қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Константиновка-2004» ЖШС директоры Игорь Иванович Захаровқа, «Достық Дән» ЖШС директоры Данияр Жанболатұлы Бестаевқа табыс етілді.
Іс-шара барысында колледждің үздік студенттері: республикалық жарыстардың жеңімпаздары Арлан Тоқтаров, Максим Штондин; «Агроскилс» өңірлік чемпионатының жеңімпаздары Алексей Усольцев, Иван Соломатин, Михаил Никонович; ашық облыстық туристік слетте 2 орын алған «Туризм» мамандығы бойынша топ аталды. Колледж Данил Дмитриевич Наговицин, Сергей Астапенков, Дмитрий Ковалев, Денис Агишев, Александр Астафьев, Юрий Вдовушкин, Илья Рукавишников, Николай Райковский, Дмитрий Спасскийдің спорттық жетістіктерін мақтан тұтады.
Өндірістік тәжірибе кезінде көрсеткен бастамалары мен жоғары жетістіктері үшін Маргарита Хлыстова, Наталья Протасова, Алина Гагина, Кирилл Жупиков, Жанара Құдайбергенова және Артем Колдыбаевқа Агротехникалық колледждің грамоталары табыс етілді. Марапаттау рәсімін колледждің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Иванович Захаров өткізді.
Колледж директоры Берік Темешұлы Жанахметов іс-шараға қатысушыларға оқу орнына деген қызығушылықтары үшін алғысын білдіріп, мамандық таңдаудың маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты іс-шара соңында жүргізушілер барлық іс-шараға қатысушыларды оқу мекемесіне экскурсияға шақырды, онда қонақтар оқу аудиторияларымен, зертханалармен және шеберханалармен танысты. Колледжде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Туризм», «Тігін ісі» мамандықтары бойынша шеберлік сыныптары өткен алаңдар жұмыс істеді, студенттер осы мамандықтар бойынша дағдыларын көрсетті, оқытушылар мен студенттердің кездесулері өтті.
Ашық есік күні абитуриенттерге колледж туралы көбірек білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қазіргі заманғы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын атап өткен маңызды оқиға болды.
Қаралым саны: 52