20 наурызда Саумалкөл ауылы агротехникалық колледжі оқытушылары мен студенттері көктемгі Наурыз мейрамын тойлап, мерекелік концертке қатысты. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа өмірдің бастауы. Наурыз мейрамы халық теңдігін, еркіндікті, демократияны, аға ұрпаққа құрмет пен кішіге сүйіспеншілікті білдіреді. Колледжде киіз үй тігіліп, мерекелік бағдарлама бойынша ән, би, қазақ халқының «Сырға салу», «Беташар», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сынды салт-дәстүрі көркрмен назарына ұсынылды.
Колледж директоры Б.Т.Жанахметов құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен, күн мен түннің теңелу күнімен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, студенттерге оқуда сәттілік тіледі. Концерттік бағдарламаны ұйымдастырушылар мерекеге қатысушылар мен көрермендерге мерекелік атмосфера мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.
Осы мереке қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік концертте колледж қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мереке неғұрлым жомарттылықпен өткізілсе, жыл берекелі болады дейді халық. Сондықтан, колледж ұжымы Наурыз мерекесін молшылықпен тойлады: асхана аспаздары наурыз-көже әзірлеп, колледж студенттеріне арнап киіз үйде мерекелік дастархан жайып, дәстүрлі бесбармақ жасады.
Сіздерге өмірдің барлық байлығын, денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Наурыз мейрамы жыл бойы жан дүниеңізде мерекелік ізін қалдырсын.
Қаралым саны: 246