«Темекі шегу сән емес - еркін тыныс ал!»

3 ақпан күні Агротехникалық колледжде жастар арасында темекі шегудің алдын алуға арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары мен жүргізушілері Айыртау ауданыныңЖастар ресурсы орталығы мамандары, ал қатысушылар колледждің 1 курс студенттері болды.Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге темекі шегудің зияндылығы туралы ақпаратты жеткізе білу. Темекі шегу зиянды әдеттердің бірі ретінде қазіргі қоғамның нағыз індетіне айналумен бірге көптеген халықтар арасында бұрыннан таралып, тамыр жайған.Қазіргі уақытта Қазақстанда темекі шегудің алдын алу және құрамында никотин бар өнімдерге сұранысты азайту науқаны жалғасуда. Балаларға осы тақырыпта фильм көрсетілді және іс-шара соңында студенттер викториналық сұрақтарға жауап берді.

08.02.2023
Қаралым саны: 291
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет