Аудандық мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Екі жұлдыз" вокалдық байқауы өтті. Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің атынан музыкалық жетекші Владимир Животовский және 3 курс студенті Александр Ноздрин өнер көрсетті.
Байқау екі кезеңде өткізілді. Конкурс шарттары бойынша дуэттердің әрқайсысы 2 музыкалық нөмірді ұсынды: бірінші нөмір- әскери тақырыптағы, екінші нөмір — заманауи әндер. Байқауды өткізудің негізгі мақсаты — байқаудың барлық қатысушыларына ән шығармашылығының әртүрлі формалары мен жанрларында өз дарындарын көрсетуге, жаңа сахналық тәжірибе алуға, шеберлік пен кәсібилікті одан әрі жетілдіру бойынша қуатты заряд алуға мүмкіндік жасау болды.
Қаралым саны: 121