Год рабочих профессий

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің қабырғасында және Айыртау аудандық орталық кітапханасының балалармен жұмыс жөніндегі бөлімімен Айыртау аудандық мәслихатының қолдауымен "Депутаттарға 100 сұрақ" атты керемет кездесу өткізілді. Іс-шараға Саумалкөл орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Спикерлер рөлінде Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Агротехникалық колледж директоры Б.Т Жанахметов, аудандық мәслихат төрағасы Г.А. Әбілқайырова, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты А.К Қожахметов, "Достық дән" ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Д.Ж Бестаев болды.

Кездесу барысында депутаттар балалармен өмірлерінің маңызды кезеңдерімен бөлісті, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы және олардың еңбек нарығындағы қажеттілігі, кіші Отанға ұқыпты және құрметпен қарау туралы айттып, содан соң, әрине, олардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Әркім өз ойын біллдіруге, өзін көрсетуге мүмкіндік алды.

Балалар үшін құзыреттілік орталықтары бойынша кәсіби бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды, онда болашақ мамандарды даярлайды. Балалар аспаздық зертхана, дәнекерлеу зертханаларымен, тігін зертханасымен және "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша оқуға арналған алаңмен таныса алды.

Әр алаңда оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, жаңа пәндерді, материалдарды, жүйелер мен құрылғыларды қызығушылықпен зерттеді.

11.12.2024
Қаралым саны: 205
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділет