Оқырман колледж

Саумалкөл а.агротехникалық колледжінде 26 қаңтар күні кітапханашы Б.Ж.Алпысбаева «Оқырман колледж» тұжырымдамсын жүзеге асыру аясында «Менің 2022 жылы оқыған ең қызықты кітабым» атты BOOKSlam өткізді. Іс-шараға колледждің барлық курстарының студенттері қатысты. №14 «Туризм (экскурсия жетекшісі)» тобынан - Федянина Евелина және Маркина Валерия, №12 «Тамақтандыруды ұйымдастыру (аспазшы, кондитер -көркемдеуші)» тобынан – Диброва Алина және Ваганова Виктория, №11 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру (слесарь-жөндеуші)» тобынан – Штыров Иван және Саламатин Александр, №31 «Фермер шаруашылығы (а/ш өндірісінің тракторшы-машинисі)» тобынан - Утешев Алишер. №31 топ студенттері Айзек Азимовтың «Мен роботпын (орыс. «Я, робот») кітабы бойынша, №14 топ студенттері Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік (орыс. «Война и мир») романы бойынша, №12 топ – М.А.Булгаковтың «Мастер мен Маргарита» романы және №11 топ І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша презентация жасады.

Сондай-ақ, «Менің Айыртауым, атауыңның сыры неде» тақырыбында викторина өткізілді. Викторинаға студенттермен қатар колледж педагогтері де қатысты. Кітапханашы Б.Ж Алпысбаева Айыртау ауданы туралы презентация көрсетті, студенттер өз ауданы туралы көп мағлұмат алды, өздері тұратын көшелердің атаулары туралы айтты. Ақпараттық бөлімнен кейін студенттер сөзжұмбақ шешіп, басқа елді мекеннен келген студенттер туған жерлері туралы әңгімеледі.

27.02.2023
Қаралым саны: 265
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділет