Электргазбен дәнекерлеушілер кәсіптік апталығы 2017 жылғы 13 ақпаннан 17 ақпанға дейінгі аралықта өткізілді.«Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» КММ-де «электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арнайы пәндер оқытушысы Белоног Сергей Иванович, өндірістік оқыту шеберлері Шәріпов Бақыт Бауыржанұлы және Газизов Ренат Равильевич білім береді.Дәстүрлі түрде студенттік линейка барысында апталықтың басталуы жарияланды.Оқытушы С.И.Белоногтың жетекшілігімен, линейка барысында колледж студенттері дәнекерлеу тарихы мен дамуы, қазіргі таңда пайдаланатын жаңа прогрессивті тәсілдері, қазіргі заман өндірісінде дәнекерлеуші мамандардың жетіспеушілігі мен қажеттіліктері жөнінде хабарлама жасады.
Апталық барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, қабырға газеттері шығарылды.
Студенттер арасындағы кәсіби шеберлік байқауы үш кезеңде өткізілді:
- 14.02. — 1 кезең — теорериялық ( тестілеу)
- 15.02.—2 кезең — дене дайындығы бойынша жарыс
- 16.02.— 3 кезең — практикалық тапсырманы орындау
1 курсқа арналған практикалық тапсырма —«Түйісті төменгі жік әдісінде имекті дәнекерлеу»
2 курқа арналған практикалық тапсырма — «Бұрышты түйісті төменгі жік әдісінде имекті дәнекерлеу»
14 ақпанда өндірістік оқыту шебері Р.Р.Газизов №23 топта «Металды оттегімен кесу» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.
Шебер тақырыпты теориялық тұрғыда бекіткеннен кейін жұмыс жүргізу тәсілін түсінікті етіп көрсете білді.Барлық оқушылар дәнекерлеу машықтығын игеру бойынша толық қамтылды. Апталық барысында кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды. Ренат Равильевич мектеп оқушылары үшін қажетті сөздер таба отыра, мамандыққа деген қызығушылықтарын оятты, және де оқушылардың дәнекерлеу процесіне араласуға мүмкіндік берді. Сол күні оқытушы С.И.Белоног сыныптан тыс іс-шара «Өз ойыным» теориялық сайыс өткізіді. Іс-шара барысында оқушылар дәнекерлеу бойынша теориялық материал сұрақтарына ғана емес, сонымен қатар тарих сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін, кең ой-өрістерін көрсетті.
15 ақпанда өндірістік оқыту шебері Б.Б.Шәріпов №13 топта «Түйісті төменгі жік әдісінде имекті дәнекерлеу» тақырыбында ашық өндірістік оқыту сабағын өткізді. Сабақ кәсіби тұрғыда сауатты жоспарланған. Бұл жас шебердің алғашқы ашық сабағы болған. Бақыт Бауыржанұлысабақтың әр минутын тиімді пайдалана білді, өткен тақырыпты қайталау және бекіту барысында көрнекі құралдар қолданды. (плакаттар, нұсқау карталары).
16 ақпанда Белоног С.И. №23 топта «Ацетилен генераторлары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқытушы өз пәнін жетік меңгерген, сабақ барысында түрлі жұмыс формаларын қолданады. Көрнекі құралдар кеңіне пайдаланылады: генератор (жинаулы және кесулі түрінде), плакаттар, тұсаукесер. Жаңа материалды оқушыларға жеткізу және бекіту кезеңінде топтық жұмыс түрі, кроссвор, тақта, проектор, оқулық пайдаланылды. Оқушылардың белсенділігі байқалды. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
17 ақпанда өткізілген апталық бойынша қорытынды жасалды. Кәсіби шеберлік байқауы, қабырға газеттері конкурсы бойынша жеңіпаздар анықталды. №23 топ студенті Тоқтаров Арлан кәсіби шеберлік байқауының жеңіпазы атанды, 2 орын – Букуев Мәншүк (23 топ), 3 орын – Базилов Сергей (13 топ).
Қаралым саны: 864